Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 12 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында болған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерге дене жарақатын салған.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда.