Алматыда жаппай төбелес болды

13 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматы полициясы ішімдік ішіп, төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Қалалық полиция департаментінен мәлім еткендей, аталған дерек бойынша қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы қозғады.

— Жаппай төбелеске қатысқан күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады полициядан.

Осыған дейін Алматыда бір топ жігіт ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған едік. Аталған жағдай бойынша «102» пультіне ешқандай қоңырау түспеген. Құқық бұзушылық «Бұран-142» және «Бұран-137» патрульдік экипаждары қызмет көрсету аумағын патрульдеу барысында анықтаған.