Алматыда таулы аймақтағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

13 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматы қаласының прокуратурасы таулы аймақтағы жерлерді қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

 «Международная ассоциация клубов» ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды», - деп жазылған қалалық прокуратураның хабарламасында.

Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуге тиіс.

2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында рекреациялық аймақтағы құны 500 млн теңгеден астам жер телімі мемлекетке қайтарылған болатын.

Прокурорлар жер заңнамасының бұзылғанын анықтады, жер ресурстарын басқару бөлімі коммерциялық орман өсіру үшін жеке тұлғаға 36 гектар жер телімін заңсыз берген, аталған жер телімі демалыс және сауықтыруға арналған рекреациялық аймаққа тиесілі болған.