«Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір»: Кенжебек Тұрсынбайұлы әйелін қалай еркелететінін көрсетті (ВИДЕО)

11 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Тұрсынбайұлы әлеуметтік желіде әйелімен бірге түскен видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші келіншегін құшақтап шашынан иіскеген сәтін және табиғат аясында арқалап жүргенін көрсеткен. Сондай-ақ олар екеуі қол ұстасып жүрген кездерін де көрсеткен. Осылайша ол жұбайын қалай еркелетіп, қалай жақсы көретінін көрсетуге тырысқан.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, жарасымды жұп екенін айтқан.

Тэгтер:

ғашық Кенжебек Тұрсынбайұлы