KASE қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 507,8 теңгені құрады. Осылайша алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,59 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
2024 жылғы 11 маусымдағы ҚР Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы – 508,42 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен – 509,04 теңге, сату бағамы – 511,05 теңге. Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 507,42 теңгеге сатып алып, 513,42 теңгеге сатып жатыр.
Еске салайық, 9 маусымдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,66 теңгеге, ал 10 маусымда 0,12 теңгеге төмендеген болатын.