Бекежан Жакеев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

11 маусым, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

«Қазпошта» ұлттық пошта операторының баспасөз қызметі хабарлағандай, Бекежан Жакеев «Қазпошт» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Жакеев еңбек жолын 2002 жылы "Астық лизингтік компаниясы" ЖШС-де менеджер болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында "Банк ЦентрКредит" АҚ-да заңгерден бастап несие басқару аймақтық орталығының басшысы лауазымына дейінгі жолдан өтті. 2018–2024 жылдары – "Law partners" ЖШС-де қызмет атқарған. Сонымен қатар, 2024–2025 жылдары "Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" ҰАО-да түрлі лауазымдарды, соның ішінде заң департаментінің директоры және басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Тэгтер:

Қазпошта төраға Бекежан Жакеев