Әлем чемпионатына жолдама алған өзбекстандық футболшылар мен бапкерлер штабына автокөліктер сыйға берілді

11 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
instagram.com/olympic.uz

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының барлық ойыншысы мен бапкерлер штабына автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл қомақты сыйлық оларға 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып, ел тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізгені үшін берілді.

Еске сала кетейік, Өзбекстан құрамасы Азия аймақтық іріктеу кезеңінің 10-турында Қатар ойыншыларын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, топ көшбасшы атанған-тын. Осылайша олар команда 21 ұпай жинап, 1-орынға көтерілді.  

Тимур Кападзе баптайтын ұлттық құрама 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Тэгтер:

Өзбекстан құрамасы футболдан Өзбекстан құрамасы Өзбекстандық футболшылар бапкерлер штабы көлік сыйға беру