Ақмола облысында қайғылы оқиға болды

11 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақмола облысындағы Анар стансасында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 2025 жылдың 10 маусымында сағат 03:02-де болған.

«Анар станциясында жүк пойызының машинисі адамның кенеттен жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қабылданған шараларға қарамастан, қысқа қашықтыққа байланысты трагедияның алдын алу мүмкін болмады», - деп жазылған хабарламада.

Әйелдің жеке басы анықталды. Алдын ала болжам бойынша суицид жасаған. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.