Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

10 маусым, 2025 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. 

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

Тэгтер:

Тоқаев Бақытжан Сағынтаев