Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

10 маусым, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

- Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді. Анықталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Тэгтер:

Алматы Қылмыстық топ бопсалау