Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқырған кооператив басшысы сотталды

10 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Н.Н.Корниенко ешқандай өкілеттігі болмаса да, өзін «СК 2032» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы ретінде көрсетіп, «МИЗАМ» көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қатысты 9 келісімшарт жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша ол азаматтардың 70 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 200 млн теңге болатын 8 мың шаршы метр жер теліміне тыйым салынды.

Сот үкімімен Корниенко Н.Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мүлікке салынған тыйым жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін пайдаланылатын болды.

Тэгтер:

Үлескер Сот үкім кооператив