Есілдегі көпірге шығып кеткен жігіт құтқарылды

10 маусым, 2025 / Алуа Арман
112

Түнде 112 пультіне Есілдегі көпірлердің бірінің аркасына ер адамның шығып кеткені туралы хабар түскен, деп жазады turkystan.kz.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу сол жерге жеткен.

Құтқарушылар арнайы техниканы орналастырып, автосатымен көпірдің аркасына көтеріліп, келіссөз жүргізіп, 1992 жылы туған жігітті жерге түсіріп алған.

Тэгтер:

көпір Есіл