Жаңалықтар

БҰҰ Орталық Азия елдеріне 12 млн доллар көмек көрсеткен

ашық дереккөзі

БҰҰ Орталық Азия елдеріне 12 млн доллар көмек көрсеткен

Бүгін Орталық Азия мемлекеттеріне арналған БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының Басшы комитетінің және Ауғанстанға және көрші елдерге арналған өңірлік бағдарламаның Басшы комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz. Отырысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов және Еуропаның, Батыс және Орталық Азияның, БҰҰ ЕҚБ Штаб-пәтерінің өңірлік бөлімінің басшысы Александр Шмидт ашты. Іс-шарада Орталық Азияның бес елінің, Ауғанстанның, Иранның, Пәкістанның есірткіні бақылау агенттігінің, ішкі істер, сыртқы істер, денсаулық сақтау, кеден, шекара қызметі, әділет министрліктерінің, сондай-ақ донорлар, халықаралық серіктестер мен ұйымдар өкілдері БҰҰ ЕҚБ бағдарламасының 2016 жылдағы қызметінің нәтижелерімен танысты және 2017 жылға арналған басымдықтарды айқындады. 2016 жылы БҰҰ ЕҚБ Батыс және Орталық Азия елдеріне 29 миллионнан астам АҚШ доллары, оның ішінде тек Орталық Азия елдеріне 12 миллионнан астам АҚШ долларына техникалық көмек көрсетті, ол құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайтуға, қылмыстық әділ соттың әділ, тиімді және ізгі жүйесін қамтамасыз етуге, нашақорлықтың, АИТВ-ның алдын алуға, есірткіге тәуелділікті емдеуге бағытталған. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында есірткімен, қылмыспен және терроризммен байланысты проблемаларды шешудегі елдердің өзара іс-қимыл жасасуы Ауғанстанда апиын көкнәрі алқаптарының көбеюіне және экстремизм саласындағы орын алған алаңдаушылыққа қарсы тұруда маңызы зор болып табылады. Сондай-ақ, Ауғанстанға және көрші елдерге арналған өңірлік бағдарлама өкілдері өңірлік ынтымақтастық пен есірткінің заңсыз айналымына және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен қарсы шаралар Батыс және Орталық Азиядағы жағдайға оң ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ ЕҚБ бағдарламасы қатысушы елдерге қолдау көрсету мақсатында БҰҰ агенттіктерімен және өңір елдерінің үкіметтерімен ынтымақтасады және осы процеске үлесін қосады. Келелі кеңес барысында келесі Орталық Азияның мемлекеттеріне арналған БҰҰ ЕҚБ Бағдарламасының Басшы комитетінің үшінші отырысының 2018 жылы Қырғыз Республикасының аумағында өтетіні белгіленді.