Абылайхан Жүсіпов Нидерландта Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевты жеңіп, чемпион атанды

10 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
ҰОК

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Нидерландта өткен Eindhoven Cup турнирінде Олимпиада чемпионы жеңіп, жеңімпаз атанды, дер хабарлайды turkystan.kz.

70 келі салмақ дәрежесінде өткен финалда Абылайхан Өзбекстан құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевке қарсы жұдырықтасты.

Жекпе-жек тартысты басталғанымен екінші раундта өзбекстандық спортшының қабағы жарылып, төрешілер жекпе-жекті әрі қарай жалғастыруға рұқсат бермеді. 

Осылайша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Box Cup турнирінің алтын жүлдесіне ие болды. Ал қарсыласы Асадхуджа Муйдинхуджаев күміс медаль елшілері.

Тэгтер:

Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаев Абылайхан Жүсіпов