"Барлығы үшін рақмет, капитан!": Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қош айтысты

Бүгін, 02:44 / Дана Ізтілеуова
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қош айтысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Барлығы үшін рақмет, капитан!

Бүгін капитанымыз Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапында соңғы ойынын өткізді.  

2014 жылдан бастап ел намысын қорғап, әрбір ойында барын салған Асхат – тек мықты футболшы ғана емес, ұрпаққа үлгі болар нағыз патриот. Оның жанкештілігі, сабырлылығы мен еңбекқорлығы жас ойыншыларға жол көрсетіп кетті.

Ұлттық құрамадағы жолы аяқталса да, оның есімі жанкүйерлер жүрегінде мәңгі сақталады.

Сенің есімің қазақ футболының тарихында алтын әріптермен жазылады", – делінген Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі жариялаған жазбада.

Тэгтер:

Асхат Тағыберген ұлттық құрама Қош айтысу Ұлттық құрама капитаны