Лидия Кәденованың ұлы сүйінші жаңалығын айтты

9 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы

Танымал актриса Лидия Кәденованың ұлы танымал шоумен Дидар Кәден желі қолданушыларын қуантып қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жақында екінші рет шаңырақ көтерген тележүргізуші ұлды болғанын айтты. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Шоумен сәбидің дүниеге келуін әсерлі өлең жолдарымен жеткізді. Жаңа туған ұлының өмірге келуін үлкен тағдыр сыйы деп бағалаған ол, жазбасына жұбайымен түскен суретін де тіркеген.

"Сүйінші! Биіктен көрінгендей бүгін белгі, Бір шаттық кернеп жатыр шын іргемді. Өмірді тағы бір рет ұғындырып, Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді. Шыр-пыр боп, той тойлатып жүргенімде Шыр етіп дүниеге ұлым келді", – деп жазды Дидар Кәден.

Тэгтер:

Отбасы Дидар Кәден ұлды