Степногорскте жеке тұрғын үй өртеніп, бір бала қаза тапты

9 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қайғылы оқиға Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында болды. Өттен әйел адам мен оның 10 жастағы ұлы зардап шеккен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігерлер күш салғанымен, бала ауруханада көз жұмған. Анасы ауруханаға жатудан бас тартты.

Ақмола облысы ТЖ департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабар кешке түскен. Степногорск қаласының өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жетіп, 30 шаршы метр аумақты қамтыған өртті 20 минут ішінде оқшаулады. Өрт сөндіру кезінде газ баллоны шығарылып, оның жарылуы мен оттың ары қарай таралуының алдын алу мүмкін болды.

Алайда ең ауыр жағдай өрт сөндірушілер келгенге дейін орын алған. Алғашқы болып түтінді байқаған көршілері өз өмірлерін қатерге тігіп, жанып жатқан үйден зардап шеккендерді алып шыққан. Екеуі де күйік өнімдерінен улану салдарынан ес-түссіз күйде болған.

«Өкінішке қарай, жедел көмекке қарамастан, бала ауруханада көз жұмды», — деп хабарлады ТЖ басқармасы.

Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.

Тэгтер:

Бала өрт Степногорск