Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас қызы Алаумен бірге би биледі. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп жазады turkystan.kz.
Әншінің қызы би өнерімен айналысады және әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп, көбінесе құрбыларымен бірге билейтін қысқа видеоларды үнемі жариялап отырады.
Пайдаланушылар тек биді ғана емес, сонымен қатар отбасының жылы қарым-қатынасын да атап өтті.
"Әкесі қызын қолдайды. Балалық атмосферада болу да — бір өнер!", "Жас әкенің болғаны қандай тамаша!" — деп жазды оқырмандар видеоның астында.
Алайда Қайрат Нұртасты сынға алғандар да жетерлік. Желі қолданушылары «Әке қызымен осылай ашық-шашық билей ме екен?», «Қызының кіндігін жаппай ма екен?», «Кіндігін ашып әкесімен билеуге ұялмай ма екен?» деген түрлі пікір жазып жатыр.