«Күйеуім қолыңды қой деді»: Волейболшы Сана Анарқұлова Сербия чемпионатына ауысуы жайлы

Бүгін, 14:26 / Дана Ізтілеуова
@sanajarlagassova

Волейболдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Сана Анарқұлова Сербия чемпионатына ауысуға не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz  Sport+ арнасына сілтеме жасап.

«Мен басқа елге кету жоспарым болды. Маған Қазақстан чемпионатында ойнағаннан ішім пысып кетті. Әр спортшы өзін басқа елде сынап көргісі келеді. Маған мұны әлдеқайда ертерек істеу керек еді, алайда себептері болды. Мен негізі Азияға барып ойнаймын деп ойладым. Қытайда ойнау туралы ойладым. Бізде «Тұранда» қытайлық қыз ойнайтын, ол маған өз елінде ойнай алатынымды үнемі айтатын. Агент Қытайға қаралымға баруымды ұсынды. Алайда мен неліктен қаралымға баруым керек деп ойладым, әдетте оны жас ойнышылар істейді ғой. YouTube-ты ашып, менің миллиондаған ойнымды көруге болады. Сол кезде ұсыныс келіп түсті, сербтер агентсіз тікелей маған хабарласты. Мен тәуекелге бел будым. Күйеуім екеуіміз көлікте кетіп бара жатқан едік, маған келісімшарт жіберді, күдіктер болды, алайда күйеуім қолыңды қой деді. Сенбессіздер, телефоннан қол қойдым», – дейді спортшы

Еске сала кетейік, қазір Сана Сербия Суперлигасының «УБ» командасында ойнайды.

Тэгтер:

күйеуі волейболшы Сана Анарқұлова Сербия чемпионаты