Жеңіл атлет Анастасия Рыпакова халықаралық турнирде күміс еншіледі

Бүгін, 14:21 / Алуа Арман
olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан ірі Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Анастасия өзінің үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.

 

Тэгтер:

Турнир жеңіл атлетика жеңіл атлет Анастасия Рыпакова