Талдықорғанда қарақұрт қаптап жатыр

Бүгін, 12:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Талдықорғанда және оның маңындағы аудандарда адамдарды қарақұрт шағып жатыр. Зардап шеккен бір адам жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғындар әлеуметтік желілерде алаңдататын кадрлармен бөлісуде. Өрмекшілерге қатысты ақпарат фотосуреттер мен видеоматериалдармен бірге жергілікті пабликтерде тарап жатыр. Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар жеке секторда улы жәндіктердің пайда болуын талқылауда. Өрмекшілердің әртүрлі түстері бақшалар мен гүлзарларда пайда болғаны айтылуда.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде қарақұрт шағудың үшінші оқиғасы тіркелген. Соңғысы жуырда, 41 жастағы Талдықорған тұрғыны болған.

"1984 жылы туған науқас 7 маусым күні қарақұрт шағуы күдігімен Талдықорған қалалық көпбейінді ауруханасына түсті. Толық тексеруден кейін қарақұрт уына қарсы сарысу егілді. Қазір науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Өңірдегі медициналық ұйымдар қарақұрт шағуына қарсы қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген, бұл зардап шеккендерге уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Талдықорған қарақұрт улы жәндік шағу