Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көру неліктен ақылы екенін түсіндіру үшін журналист, сол тойды жүргізетін Анна Данченконың сторисін өзіне жүктеді.
«Той көру неге ақылы? Жауап осы», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Әнші журналист Анна Данченконың сторисін өзіне жариялады.
«Сілтеме ақылы болады деп айтқан болатынмын. Дұрыс түсініңіздер, мұны мен жасап жатқан жоқпын, ұйымдастырушылар да жасап жатқан жоқ. Тікелей эфирде тойды көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек, оның ақшасы бар. Одан кейін серверге тапсырыс беру керек. Оның сомасы үлкен емес, 1 000 теңгеден асады. Қымбат емес. Ол ақшаны Сәкен аға өзіне, немесе отбасына жаратпайды. Ол ақшаны ПТС камерамен түсіретін ұжымға төленетенін және серверге берілетін ақша», – дейді Анна Данченко.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көргісі келетіндерге сілтеме жүктеген болатын. Көпшілік тойды көру құны – 1 380 теңге екенін жазған болатын.