Шенеуніктер су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені ұрлаған

Бүгін, 12:09 / Алуа Арман
istockphoto.com

300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.

Істі Ақмола облысының арнайы прокурорлары тергеген.

Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі (аса ірі көлемде жымқыру) и 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін конфискациялау жазаларына тартылды.

Тэгтер:

Шенеунік ақша жымқыру бюджет қаражаты Ұрлау су тасқыны