Ақтөбе тұрғыны кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған

Бүгін, 11:50 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақтөбеде кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті бұрын сотталған. Ол кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде қаражат талап еткен.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті.

Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

күдікті Ақтөбе кәсіпкер бопсалау