Түркістан облысындағы ауылда студент қыздың мәйіті табылды

9 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
Фото: freepik.com

Түркістан облысына қарасты Төрткүл ауылында колледжде оқыған студент қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

6 маусымда таңы сағат жетіде қыздың мәйіті табылған. Дереу ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу жұмыстары Түркістан облысы Полиция департаментінің қатаң назарында.

Тэгтер:

Түркістан облысы Төрткүл ауылы студент қыз мәіт