Бүгін елордаға Болгария Президенті Румен Радев ресми сапармен келді. Ақордада Болгария Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.