Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 - 514 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 9 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,46 теңге. Еуро — 582,79.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —510,6 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 581 сату құны — 585.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,32 - 6,47 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 5 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,11 теңгеге төмендеп, 510,19 теңге болған.