«Бриллианттарыңды айтпасаң да болушы еді: Халық Гүлзира Айдарбекова туралы

Бүгін, 07:12 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіге бриллианттары туралы ой қозғап, елдің қызу талқысына түсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Продюсер немересі Алау туралы сөз қозғаған. Ол өзінің жеке немересіне барлық бриллианттарын беретінін мәлімдеген.

«Бұл менің жеке қызым Алауым! Ешкімге қойылмаған есімді қоямын,таңға дейін мені ешкім мазаламасын деп, бір бөлмеге жалғыз жаттым. Алғашқы қызығым Сезімді, сезімтал болсыншы деп есімін қойып едім, жаны нәзік болды. Енді жұлқынып тұрған отты қыз болсын, көрген адамның көзін қарып кететіндей, жалындап тұрсын деп Алау деген есімді ойдан құрап, таңға қарай көз ілмей жатып, тоқтамға келдім.

Енді бұл қызды ерекше жақсы көрем, әлі де арманым көп. Қызым, маған Алла өмір берсе, бриллианттарыма дейін сенікі, сен күшті билей бер, бұйыртса Америкадан бірақ шығарамын қызым деп қоятынмын титтей кезінен өзіне. Сезім өмірге келгенде атасы екеуіміз ессіз қуандық, бірақ Жұлдыз келініме ұқсаған, әппақ, көзі бақырайған қыз күткенмін. Сөйтсем атасы мен әкесіне ұқсаған көзі корей екен, сасқанымнан жалт бұрылып Жұлдызға қарап, неге өзіңе ұқсатпағансың деппін ғой…

Аяқта каблугымның тарсылымен үстіме асығыс жабылған ақ халатпен, мед бикелермен қоса елді үркіте кіріп, енем не дер екен деп үнсіз қарап отырған келініме. Сонымен Сезім атасының қызы болып кетті. 2 шісін күттім…-артынша Алау өмірге келді. Алып-ұшып барып, бетін ашып қалғанымда бірден көзіме түскені, бақырайған үлкен көз, тура менің ойымдағыдай бірақ қара қыз екен.

Мен оны бөлмелерінен ұрлап алып кетумен жүрдім иіскелеп, атасы менің еміренгенімді көріп, өзімізге қыз етіп алайық, оларға жолата берме деп қояды. Жоқ біз апа-атасымыз, әр адам өз орнында қалғаны дұрыс, ертең бізге жалтақтап, анасын ана деп қабылдай алмай жүрегі ауырады дедім. Енді мінекей, кеше ғана туылған сияқты еді, әлі ерте ғой өсуіне деп жүргенімде, Алауымның бой жетіп қалғанына түс көргендеймін. Бұйыртса, арманым орындалып, қызым биіктен көрінуін Алла қабыл етсін! Көп тілеуі көл деген, сіздер де әумин деп кетсеңіздер нұр үстіне нұр!», — деп жазды продюсер.