"Жыл тойы": Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын ұйымдастыратын продюсер мейрамының басты айрықша сәттерін атады

Бүгін, 06:38 / Дана Ізтілеуова
Жеке парақшасынан

Белгілі продюсер, той ұйымдастырушысы Жан Мұқанов Сәкен Майғазиевтің ұлының тойының айрықша сәтін атады, дер хабарлайды turkystan.kz.

"Жыл тойына дайындық қызу жүріп жатыр!

Адилет пен Адианың некесі — тек қос ғашықтың емес, қос әулеттің де қуанышы.

Ал бұл той Сәкен Майғазиевтің шаңырағында өтетін болса — онда бұл ерекше оқиға.

Салтанаттың айрықша сәттері:

— 1000-нан астам қонақ — еліміздің мәдениет, өнер және зиялы қауым өкілдері

— Шебер режиссурамен қойылған салтанатты көріністер мен тосын сыйлар

— Тікелей эфир — бұл сәтті бүкіл ел бірге тамашалайды

— Мыңдаған тарту-таралғылар серіктестерден

— Әрбір сәт — жүрекке жылы, мәңгі есте қалатын әсерге толы

Күйеу жігіт пен қалыңдық — дайын.

Салтанат өтетін орын — ертегі әлеміне айналуда.

Сіз бұл тарихи тойдың куәсі болуға әзірсіз бе?Егер осы жобаның серіктесі болғыңыз келсе — директке жазыңыз, – деп жазды продюсер.

Тэгтер:

Сәкен Майғазиев продюсер Айрықша сәт Жыл тойы