Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 05:57 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

2025 жылғы 9 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Атырау қалалсында күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.