«Ертіске секіремін!»: Өскеменде полицейлер қыз баланы құтқарып қалды

8 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Polisia.kz

Өскеменде полицейлер қыз баланы құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

“102” арнасына белгісіз қыз қоңырау шалып, Славский жағалауы тұсынан Ертіс өзеніне секіретінін хабарлаған.

"Оқиға орнына дереу қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының экипажы жіберілді. Полицейлер келген сәтте қыз суға түсіп үлгерген", - деп жазылған хабарламада.

Қызметкерлер жедел және үйлесімді әрекеттің нәтижесінде оны дереу судан шығарып, жағаға көтеріп алған. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Аталған жағдай бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, дейді полицейлер.