Жуырда Атырау облысының намысын қорғайтынын мәлімдеген белгілі боксшы, Қазақстан құрамасының мүшесі Сабырхан Төрехан Шымкент қаласына қайтадан ауысты. Енді ол Шымкент қаласының атынан шығады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
Ассалаумағалейкум қазақ елі! Мен ары қарай да Шымкенттік намысын қорғаймын. Иә, осыған дейін Атырау облысына ауысамын деп хабарлаған ем. Ол жаққа мені Бауыржан Кәрімов ағам шақырған. Жақында ол кісі Шымкент бокс федерациясының вице-президенті қызметіне келді. Жаңа қызметіне келе салысымен біз кездесіп, әңгімелестік. Оның қорытындысы бойынша мен Шымкентте қала беретін болдым. Бұған дейін айтқанымдай, мен тек ішкі біріншілікте жеке бір өңірдің намысын қорғаймын. Ал шет елге шыққанда Қазақстанның көк туын көтеремін. Қолдау білдіріп отырған барлықтарыңызға рақмет. Ел намысын абыроймен қорғау үшін тынбай еңбектенемін, — деді ол.