Сенсация: Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Нидерландтағы бірінші кездесуінде жеңіліп қалды

Бүгін, 09:54 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Basnews.kz

Нидердандтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде күтпеген жағдай болды.

55 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жүрген әлем чемпионы (2023) және Азия чемпионы (2024) Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде-ақ  жарыс жолынан шығып қалды.

Ол төрешілер шешімі бойынша жастар арасындағы Еуропа чемпионы, украиналық Максим Зуменкоға есе жіберді.

Еске сала кетейік, Махмұд – алтын медальға басты үміткер саналған боксшылардың бірі.