Алматыда тауда адасып кеткен жасөспірімдер аман-есен табылды

Бүгін, 02:08 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Алматыдағы Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте) 17 жастағы үш жасөспірім серуендеп жүріп, жаңбырдан кейін таудан түсу кезінде бағыттан адасып қалған. Олар дереу 112 қызметіне хабарласып, көмек сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына геолокация деректері бойынша шұғыл аттанған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) жаяу іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көп ұзамай жасөспірімдерді тауып алды.

Құтқарушылардың кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ. Жасөспірімдер қауіпсіз түрде таудан түсірілді.