«Бұл жеңіліс керек болды»: Бас бапкер Әли Әлиев Беларусь құрамасынан оңбай жеңілуі туралы

7 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македониямен өтетін маңызды кездесудің алдында сырт алаңда Беларусьпен жолдастық матч өткізді.

Бұл ойынға қатысты бас бапкер Әли Әлиев пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.

«Жігіттерге киім ауыстыратын бөлмеде алғысымды айтқан сәттегі реакцияға қарағанда, мен олардың жағдайды дұрыс қабылдағанын байқадым. Менің ойымша, бұл жеңіліс керек болды. Әрине, мұндай есеппен емес. Бірақ мұндай нәтиже адамды тез ес жиғызады. Бұл ішкі тәртіп пен ұйымдасуды талап ететін дабыл. Футболдағы қателіктер кешірілмейді», - деді Әли Әлиев.

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 9 маусым күні, кешкі 19:00-де «Астана Арена» стадионында Солтүстік Македониямен жолығады.