Бақыт Сәрсекбаев жас боксшылар Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбайды дайындайтын болды

7 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бокстан ұлттық құрамаға резерв дайындайтын, 22 жасқа дейінгі боксшылардың бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев алдағы уақытта Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбайға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды 1bol.kz.

Beren Live арнасына берген сұхбатта 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының чемпионы келесі Азия чемпионатына дайындықты бастайтынын айтты.

Төрехан Сәбырхан — әуесқой бокста жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған тарихтағы алғашқы боксшы. Ал Санжар Ташкенбай — 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының және 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

"Алда олармен бірге жұмыс істейтін боламыз. Көреміз. Бұған дейін аталған екі боксшымен бір залда болмадық. Дайындықты енді бастаймыз. Жаттығу жиындары болады, сол жерде кімнің қандай формада екенін байқап көреміз", - деді Бақыт Сәрсекбаев.