Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

7 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,46 теңге. Еуро — 582,79.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512, 2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 10,2 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 582, сату құны — 586.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,32 — 6,48 аралығында саудаланып жатыр.