Ер адам ажырасқысы келген жұбайына он рет пышақ сұғып, тамағын осып жіберген

6 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы
novosti-dny.su

Әзербайжанның Гәнжа қаласындағы ауыр қылмыстар жөніндегі сотта 18 жастағы жұбайын өлтірді деп айыпталған Ильяс Гадимовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сот үкіміне сай Ильяс Гадимов 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, оқиға Ағстафа қаласындағы О.Сарывелли көшесінде болған. 44 күндік Отан соғысына қатысқан Ильяс Гадимов (2001 жылы туған) 2023 жылы Медина есімді қызға үйленген. Отбасында қыз дүниеге келген соң, келін мен ене арасында жанжал туындаған.

Медина мен оның күйеуінің анасы арасындағы келіспеушілік өрши бастаған соң, қыздың әкесі екі жақтың келісімімен Мединаны үйіне алып кеткен. 40 күннен кейін Ильяс әйелі мен баласын қайта алып келген. Арада төрт ай өткенде Мединаның ағасы қайтыс болып, ол қаралы жиынға барған, бірақ кейін күйеуінің үйіне оралмаған. Ильяс бірнеше рет әйелімен татуласуға тырысқан, алайда Медина қайтып келуден бас тартып, ажырасқысы келетінін айтқан.

Осы жағдайға ашуланған Ильяс Гадимов қайын атасының үйіне барып, тағы да әйелін қайтаруға әрекеттенген. Тағы да бас тартқан соң, ол Мединаны әуелі тұншықтырып, кейін оған пышақпен он рет соққы жасап, тамағын кесіп жіберген. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы жағдай болған кезде Медина Гадимова небәрі 18 жаста болған.

Тэгтер:

Пышақ Ажырасу Ер адам