«Футболшыларды абыржытып жіберді»: Құрама бас бапкері Беларусь командасынан жеңілісі туралы

6 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Беларусь командасымен өткен жолдастық кездесуден соң пікірін ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Беларусьпен болған ойынды Солтүстік Македонияға қарсы ресми матчқа дайындық кезеңі ретінде қарастырдық. Таңертең арнайы жаттығу жұмыстарын жүргіздік, ал кешкі кездесуде алаңға екі түрлі құрам шықты – бұл әр футболшыға теңдей ойын тәжірибесі беру үшін жасалды. Әрине, нәтиже де маңызды болды, бірақ жіберілген қателіктер ойыншылардың көңіл-күйіне әсер етіп, оларды сәл абыржытып жіберді. Соған қарамастан, жігіттерге алғысымды білдіремін – олар ойынды қайта өз қолына ала білді. Бүгінгі матчтан тиісті қорытындылар шығарамыз және Солтүстік Македонияға қарсы ресми кездесуге оңтайлы құрамды дайындап шығарамыз», – дейді бас бапкер ҚФФ әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Беларусьтің Борисов қаласында өткен жолдастық кездесуде алаң иелерінен 4:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Тэгтер:

Қазақстан құрамасы футболшылар Әли Әлиев құрама бас бапкері Беларусь командасы