Шие несімен пайдалы? Оны қай уақытта жеген жөн?

Бүгін, 04:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызыл, шырынды шие дүкен сөрелеріне шыға бастады. Бұл жидектің пайдасы қандай және оны қашан сатып алу керек?

Қазақстанда шие қай уақытта піседі?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елдің оңтүстік өңірлерінде шие мамыр айының соңынан шілде айының басына дейін піседі. Солтүстік өңірлерде маусым-шілде айларында басталады.

Шиедегі нитраттар мен пестицидтерді кім және қалай тексереді?

Шие сапасын тексерумен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен уәкілетті зертханалар айналысады.Импорттық шие фитосанитарлық бақылаудан өтеді, ол шекарада және жеткізу орындарында жүргізіледі.

Шиенің пайдасы

Шие құрамында витаминдер мен микроэлементтер бар, олардың мөлшері жидек сорты мен өсу жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.

Құрамында табиғи қант мөлшері көбірек. Жасұнық органикалық қышқылдар, пектиндер, В, РР, С тобының витаминдері, темір мен калий тұздарын қамтиды. Бұл жидектерді тұрақты түрде тұтыну жүректі нығайтып, пульсты қалыпқа келтіріп, тромбтардың пайда болу қаупін төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ, шиеде антоциандар, флавонолдар мен фенолды қосылыстар бар, олар антиоксиданттық әсерге ие.

Тэгтер:

денсаулық жеміс шие шиенің пайдасы