АҚШ-тың Техас штатында 21 жастағы жас жігіт саңырауқұлақтарда болатын психобелсенді зат псилоцибиннің әсерінен ауыр психикалық күйзеліске ұшырап, өз көзіне өзі қарындаш сұғып, миына зақым келтіріп көз жұмған. Бұл туралы дерек American Journal of Ophthalmology Case Reports журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мәліметке сәйкес, жігіт псилоцибин саңырауқұлағын үй жағдайында, дәрігердің бақылаусыз тұтынған. Психотроптық заттың әсерінен паранойя белгілері пайда болып, айналасындағыларға қауіп төндіре бастайды. Отбасы мүшелері өгей әкесі мен ағасы оны сабырға шақыруға тырысқанымен, жігіт алдымен әйнек құмыраны сындырып, кейін үстел үстіне қарындашты тігінен қойып, басын соған бірнеше рет ұрған. Қарындаш екі көз ұясы арқылы кіріп, сол жақ көз арқылы ми сабағына дейін жетіп, ауыр жарақат салдарынан жігіт отадан кейін көз жұмған.
Оның анамнезінде гипербелсенділік пен қан қысымы жоғары болуы тіркелген, бірақ бұрын-соңды психиатриялық диагноз қойылмаған және өзіне қол жұмсау әрекеті болмаған.