Өртенген парашютпен 16 рет секірген: Голливуд актері рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)

6 маусым, 2025 / Ербұлан Қайрат
cурет: guinnessworldrecords.com

Голливуд актері Том Круз әлемдік рекорд орнатты. Үш мәрте «Оскар» жүлдесіне ұсынылған, «Миссия: мүмкін емес» франшизасы арқылы аты аңызға айналған әртіс енді Гиннес рекордтар кітабына да енді: актер өртенген парашютпен ең көп рет секірген адам ретінде тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz guinnessworldrecords.com-ға сілтеме жасап.

Әлемге тыңшы Итан Ханттың бейнесі арқылы танымал Круз фильмдерде өзі орындайтын қауіпті трюктерімен ерекшеленеді. Ол Бурдж-Халифаны бағындырып, мотоциклмен жардан секіріп, ұшақтың сыртынан ұстап ұшқан сәттерімен көрермендерді тәнті еткен. Актердің өзі бұрыннан бері «көрерменге шынайылық керек» деп есептейді, сол себепті дублерсіз жұмыс істеуді жөн көреді.

2025 жылы шығатын «Миссия: мүмкін емес» фильмі оның карьерасындағы ең экстремалды тәжірибеге айналды. Круз отқа оранған парашютпен тікұшақтан 16 рет секіріп, алғашқы парашют толық жанып кеткен соң, қосымша қауіпсіз парашютті ашып аман қалған. Бұл батыл әрекеті үшін ол 4 маусым күні ресми түрде рекорд иесі атанды.

Тэгтер:

Актер Голливуд рекорд Том Круз Гиннес Гиннес рекордтар кітабы Миссия: мүмкін емес