Тірі қойды автокөлікпен алып жүруге бола ма? – Полиция жауап берді

6 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Құрбан айт мерекесіне байланысты көптеген қазақстандықтар малды жеңіл көліктермен тасымалдап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, егер белгілі бір талаптар сақталса, қойды жеңіл көлікпен тасымалдауға тыйым салынбайды. Жануар автокөліктің габариттерінен шығып тұрмауы тиіс.

Осылайша, автокөлікпен қой тасуға тыйым жоқ, бірақ жүргізуші мен жолаушылардың және жануардың қауіпсіздігін сақтау маңызды.

Тэгтер:

қой Құрбан айт құрбан шалу құрбандық қошқар