Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

6 маусым, 2025 / Алуа Арман
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

– Бұл айтулы мереке швед халқы қадір тұтатын бірлік, тарихи мұра және берік демократиялық дәстүрлер сияқты құндылықтармен үндеседі. Сіздің дана басшылығыңыз арқылы еліңіз алдағы уақытта да орнықты даму мен жаңашылдықтың озық үлгісін көрсете беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. 

Тэгтер:

Тоқаев құттықтау Швеция жеделхат Король