Қырғыз Республикасында жер сілкінді

5 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қырғыз Республикасының Нарын облысында магнитудасы 4,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Сейсмология институты мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 16:18-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Кара-Булак ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде және Нарын қаласынан 79 шақырым қашықтықта орналасқан.

Нарын облысына қарасты өзге елді мекендерде жер сілкінісінің күші келесідей болған: Орто-Сырт және Кара-Булан ауылдарында – 4 балл, Кызыл-Туу, Кара-Булак және Казыбек ауылдарында – 3,5 балл.

Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер мен айтарлықтай қираулар жоқ екенін хабарлады.
 

Тэгтер:

Қырғыз Республикасы жер сілкінді