Ресейдің Саратов облысында ұшақ құлады

5 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы

Ресейдің Саратов облысындағы Ершов ауданында авиация ұшағы электр желісіне тиіп, құлаған соң өртеніп кеткен. Ұшқыш ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Аймақтық үкіметтің Өңірлік қауіпсіздік басқармасының басшысы Юрий Юрин оқиға жайлы мәлімдеме жасады.

«Бүгін сағат 17:27-де Ершов муниципалды ауданына қарасты Новорепное ауылында шағын авиация ұшағының ұшқышы алдын ала мәлімет бойынша электр желісіне тиіп кетіп, далаға құлап, өртенген. Жедел жәрдем бригадасы ұшқышты ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді», – деді Юрин.

Оның айтуынша, зардап шеккен адам Ершов қаласының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Құлау жағдайының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Ұшақ Ресей Саратов облысы