"Шерзат Полаттың өлімі 1 пышақ соққысынан болған" – судья Ержан Жанұзақов

5 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты екі айға жалғасқан сот процесі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өлімнің себебі 1 пышақ соққысынан болған. Және оны Шынасыл жасаған. Сәйкесінше ол адам өлтіру бойынша кінәлі деп танылды. Бұзақылық, заң бойынша арсыздықпен ерекшеленетін күш қолданумен, соның ішінде жеңіл дәрежелі денсаулыққа зиян келтірумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті аса қатігездікпен бұзу болып табылады», – дейді судья Ержан Жанұзақов.

Еске сала кетейік, Сот үкімімен Абзал Шынасыл – 23 жылға, Равиль Сакиев – 20 жылға, Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов –  9 жылға, Шыңғыс Белғожаев – 7 жылға, Дархан Әскентай – 7 жылға, Нұрбол Тоқтаубаев – 7 жылға, Дидар Қалиахмет – 7 жылға, Думан Ысқақ – 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Тэгтер:

судья Өлім Шерзат Полат Ержан Жанұзақов