Шерзат Полат өлімі: Сотталушылардан 120 млн теңге моральдық шығын өндірілді

5 маусым, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бүгін марқұм Шерзат Полат өліміне қатысты сот талқылауының соңғы отырысы өтті. Судья Шерзат өліміне айыпталушыларға үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдыңғы сот отырыстарында жәбірленуші тарап сотталушылардан жалпы сомасы 660 млн теңге моральдық және мүліктік шығын өндіруді сұраған болатын.

Сот жәбірленуші тараптың талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Сот Шынасылдан – 60 млн теңге, Сакиевтен – 30 млн теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн теңге өндірді.

Кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқаққа жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Тэгтер:

сот отырысы судья үкім моральдық шығын Шерзат Полат талап арыз