Anthropic компаниясының зерттеушілері, Claude жасанды интеллектін жасаушылар, адамзаттың болашағына қатысты алаңдататын болжам жасады. Олар жақын арада адамдар физикалық тапсырмаларды орындаушы ғана болып қалуы мүмкін екенін айтады, ал барлық зияткерлік жұмыстарды жасанды интеллект атқарады, деп хабарлайды turkystan.kz futurism.com-ға сілтеме жасап.
"Адамдар құлаққап, ақылды көзілдірік тағып жүріп, камералар арқылы бақыланып, ЖИ-дың бұйрығымен әрекет ететін болады," – дейді зерттеушілердің бірі Трентон Брикен.
Оның айтуынша, мұндай болашақта адамдар ИИ-дың басқаруымен тапсырма орындайтын тірі орындаушыларға, "ет пен сүйектен жасалған роботтарға" айналады.
Оның әріптесі Шолто Дуглас та осы пікірмен келіседі: "Алдағы 2-5 жылда тіпті алгоритмдік даму баяуласа да, көп жұмыс түрлері ИИ-ға өтеді. Ақылды жүйелердің қолынан келмейтіні – тек физикалық еңбек қана."
Ғалымдардың айтуынша, әсіресе кеңсе қызметкерлеріне төнетін (ақ жағалыларға) қауіп жоғары. Яғни болашақта интеллектуалды емес, тек дене еңбегі сұранысқа ие болуы мүмкін.
Мамандар бұл "ақыл-ой еңбегінің жойылып, адамдарды ЖИ-мен басқарылатын құралға айналдыратын болашақтың бастамасы" деп есептейді.
Anthropic – жасанды интеллект саласындағы ірі компаниялардың бірі. Олар Claude атты қуатты нейрожелі үлгісін жасап шығарған. Зерттеушілер бұл ескертулерді Dwarkesh Patel подкастындағы сұхбат кезінде айтты.