Жаңалықтар

Сакура гүлдегенде...

ашық дереккөзі

Сакура гүлдегенде...

Жапония сакура ағашы гүлдеу Жапония астанасындағы ағаштар алқызыл түске боялды. Дәл осы мезгілде тұрғындар гүлдің жұпарын құшырлана иіскеп, көркемдікке көз тойдыру үшін орталық алаңдарға ағылады. Өйткені бұл сакура ағашының бүршік жарып, гүл ашатын шағы. Күншығыс елінің тұрғындары ғасырлар бойы жалғасып келген дәстүрді «Ханами» деп атайды. Дегенмен ағаш ұзақ гүлдемейді. Небәрі 7-10 күн ғана. Осы аралықта туристермен бірге тұрғындар да бас қосып табиғат аясында ас ішуді құп көреді. Жапонияның әр аймағында климат әр түрлі болғандықтан сакура да кезең кезеңімен гүлдейді. Мезгілдің алғашқы сакуралары Окинава аралында бүр жарады. Нанака Ишидо, жергілікті тұрғын: - Барлығымыз бас қосып уақытты бірге өткізгенімізге қуаныштымын. Осы мезгілде күйбең тірліктен бір сәт арылып, дос-жаранмен жаңалық бөлісіп, әңгіме дүкен құрамыз.